Жаңалықтар тізбегі
0

Таза ядролық энергиясыз бүкіл экономикадан айырыламыз – Тоқаев

АЭС, сурет - Zakon.kz жаңалық 08.02.2022 14:25 Сурет: pixabay
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген отырысында атом электр стансасы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

«Ашығын айту керек, таза атом энергиясы болмаса, біз инвестицияны айтпағанда, бүкіл экономикамыздан айырыламыз» деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында тұрақты іркілістер болып тұрды. Бұған ең жарқын мысал – жақында ғана еліміздің оңтүстігінде болған электр қуатының үзілуі.Қасым-Жомарт Тоқаев

Президент еліміз көршілес мемлекеттердің энергетикалық жүйесінің жұмыс сапасына тәуелді екенін, сонымен бірге елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу қажет екенін айтты.

Жауапты тұлғалар атом электр стансасының құрылысына қатысты сұрақтарға жауап бермей, қашатынын түсінбей-ақ қойдым. Таза атом энергиясынсыз біз бүкіл экономиканы жоғалтамыз. Инвестицияны айтпағанда, өңірлік көшбасшылықтан айырыламыз. Бізге, елімізге электр энергиясы – ядролық, таза электр энергиясы өте қажет. Экономикадағы шындықты түсінбейтін популистердің жетегіне ермеу қажет. Атом энергиясының маңызын халыққа кәсіби түрде түсіндіру керек.Президент

3 ақпанда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салу мәселесі өте өткір екенін айтып, әзірше шешім жоқ екенін мәлімдеген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: