Жаңалықтар тізбегі
0

Қазақстанда судьялар қанша еңбекақы алады

Сот, судьялардың жалақысы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 11:24 Сурет: sud.gov.kz
Жоғарғы соттағылар соңғы төрт жылда сот жүйесінің бюджеті екі есеге жуық өскенін, қазір судьялар шамамен 400-800 мың теңге жалақы алатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұл туралы Жоғарғы cот жанындағы Соттардың қызметін қамтамасыз ету департаменті басшысының орынбасары Елдос Жұмақсанов Facebook парақшасында жазды: 2018 жылы сот жүйесінің бюджеті 36 млрд, ал судьялардың еңбекақы қоры (мамандарсыз) 16 млрд теңге болса, 2019 жылдың бюджеті 55 млрд теңге, еңбекақы қоры 31 млрд теңге болған.

Нұр-Сұлтанның қатардағы судьясы 2018 жылы 250 мың теңге алса, 2019 жылы жалақысы айтарлықтай өсті – олар шамамен 800 мың теңге ала бастады. Алматыдағы судьялардың, экономикалық сот судьяларының да жалақысы осындай. 2021 жылдан бастап әкімшілік сот судьяларының да еңбекақысы өсті.

Облыс орталықтарындағы аудандық судьялардың да жалақысы өсті. Олар 250 мың теңгенің орнына шамамен 600 мың теңге ала бастады, қалған судьялар айына 400 мың теңгедей алады.

Бюджетті екі есеге ұлғайту нәтижесінде жалақы өсті, сыйақылар төленді, демалыс/мереке күндері жұмыс істегені үшін үстемеақы төленді. Бұрынғы кезге қарағанда көп ғимараттар салынып, жөнделді. Заманауи IT өнімдері енгізілді.Елдос Жұмақсанов

Оның мәлімдеуінше, сот жүйесі қызметкерлерінің жалақысы да көбейген. Биылдан бастап облыстық соттың сот мәжілісі хатшыларының еңбекақысы 60 мың теңгеге, ал аудандық сот мәжілісі хатшыларының еңбекақысы 50 мың теңгеге артқан.

Сот жүйесі мұнымен тоқтап қалмақ емес. 2023 жылы сот жүйесінің бюджеті 70 миллиард теңгеге жеткізілмек. Жалақыны көтеру 2024 жылға дейін жүргізіледі.

Қазақстанда 2021 жылдың аяғында бір қызметкердің орташа айлық атаулы жалақысы 275 580 теңге болғаны мәлімделді. Статистикалық мәліметтерге сәйкес, ең көп табыс тапқандар тау-кен өнеркәсібі саласында жұмыс істейтіндер 546,4 мың теңге, қаржы және сақтандыру қызметінде жұмыс істейтіндер 520,7 мың теңге, кәсіптік, ғылыми және техникалық қызмет саласындағылар 442 мың теңге, ақпарат және байланыс саласында еңбек ететіндер 370,1 мың теңге алады-мыс.

Ең аз жалақыны алатындар ауыл, орман және балық шаруашылығы салаларында жұмыс істейтіндер (167,3 мың теңге) және сумен жабдықтау, кәріз жүйесі, қалдықтардың жиналуын және бөлінуін бақылау саласындағылар (169,1 мың теңге) алатыны белгілі болды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: