Әлемдегі №1 футбол шендісінің жалақысы қанша

Джанни Инфантино, Халықаралық футбол федерациясы, FIFA президенті, жалақы , сурет - Zakon.kz жаңалық 17.01.2026 09:42 Сурет: Instagram/Gianni_Infantino
Халықаралық футбол федерациясының (FIFA) президенті Джанни Инфантиноның жалақысы соңғы 10 жылда төрт есеге өскен, ал бүгіндері оның жылдық табысы 6,1 миллион долларды құрайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Le Monde мәліметтері бойынша, Инфантино 10 жыл бұрын FIFA-ның бұрынғы басшысы Зепп Блаттердің орнын басып, сол кезде оған жылына 1,5 миллион доллар жалақы белгіленген.

АҚШ салық органдарының сарапшылары атап өткендей, одан бері Джанни Инфантиноның жалақысы төрт есе өскен.

Қазір әлемдегі № 1 футбол шенеунігінің жылдық табысы 6,133 млн долларды құрайды, оның 2,954 миллионы базалық жалақы, 1,874 миллионы бонустар, ал 1,148 миллионы өзге де өтемақылар және 155 мың доллары зейнетақы шығындары болып табылады.

Катардағы соңғы мундиал оған 1,77 миллион евро ақшалай бонус әкелді.

Бұған дейін Какау футзалдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне оралғанын жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: