FIFA Series 2026: Қазақстан құрамасының өз тобындағы қарсыластары анықталды

Футбол, FIFA Series 2026, Қазақстан құрамасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.01.2026 19:12 Сурет: kff.kz
Халықаралық футбол федерациясы (FIFA) жаңа FIFA Series 2026 халықаралық турниріндегі Қазақстан құрамасының топтағы қарсыластарын бекітті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстан құрамасы Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды.

Матчтар 2026 жылдың 23-31 наурыз күндері аралығында Астана қаласындағы "Астана Арена" стадионында өтеді.

Қазақстан FIFA Series 2026 турнирін қабылдайтын алғашқы елдердің қатарына енді. Сонымен қатар, Аустралия, Әзербайжан, Индонезия, Маврикий, Пуэрто-Рико, Руанда және Өзбекстан да матчтар өткізеді. Әйелдер құрамаларының ойындары Бразилия, Кот-д’Ивуар және Таиландта өтеді.

Әр топта түрлі құрлықтан төрт команда болады. Әр құрама екі ойыннан өткізеді. Бұл күнтізбедегі матч санын көбейтпеуге мүмкіндік береді. Осының арқасында халықаралық кездесулердің сапасын арттыруды көздейді.

Бұған дейін бельгиялық "Брюгге" командасының ең қымбат футболшысы Христос Цолис Чемпиондар лигасының жалпы кезеңінің жетінші туры аясында өтетін алматылық "Қайратқа" қарсы матчқа қатыспайтынын, тіпті ол командасымен бірге Астанаға келмегенін де жазғанбыз.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: