Жаңалықтар тізбегі
0

ШҚО-да түрмедегілерге ұялы телефондар мен ішімдік өткізбек болғандар ұсталды

Түзеу мекемесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.02.2022 22:46 Сурет: ШҚО бойынша ҚАЖД баспасөз қызметі
ШҚО аумағында орналасқан түзеу мекемелеріне бірнеше ұялы телефон мен шамамен жеті литр ішімдікті лақтырмақ болған төрт жігіт ұсталды. Ұсталғандарға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, деп хабарлайды Zakon.kz

ШҚО бойынша ҚАЖ департаментінің түзеу мекемелерінде тыйым салынған заттарды лақтырудың төрт бірдей әрекетінің алды алынды.

Мәселен, ШҚО бойынша ҚАЖД ОВ 156/3 колониясының қызметкерлері аумақтың сыртқы периметрін күзету кезінде арнайы дайындалып келіп мекеме аумағына орамдарды лақтырмақ болған. Ұсталған азаматты тексеру кезінде одан скотчпен оралған жинақтар тәркіленді. Оның ішінен бірнеше ұялы телефон мен ток қуаттағыштар тәркіленді.

Ов 156/20 мекемесіне 43 жастағы жігіт Алматыдан хабарласып, өтініш жасаған жолдасына көмектеспек болып, жеті литр ішімдік пен бірнеше телефонды колония аумағына лақтыру кезінде ұсталды.

Сонымен қатар, Семей қаласындағы ОВ 156/15 мекемесінің сыртқы аумағынан тыйым салынған заттарды тасымалдаған кезекті "курьер" ұсталды.

Ол мекемеде жазасын өтеп жатқан сотталғандардың ұялы байланыс құралдарымен қамтамасыз ету үшін, мекемесінің қоршауы арқылы ұялы телефондарды, зарядтағыштар мен ойын карталарын лақтырмақ болған.

Сотталғандардың пайдалануға тыйым салынған заттарды алып кіруін болдырмау және алдын алу бойынша жұмыстар жалғастырылатын болады, олардың келіп түсуінің барлық тәсілдерінің алды алынуда. ШҚО бойынша ҚАЖ Департаменті бастығының орынбасары, әділет полковнигі Қанат Зиянов

Қазіргі уақытта ұсталған үш адамға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: