Көкжайлау шатқалы Іле-Алатау ұлттық саябағына қайтарылды

Жерлер қайтарылды Сурет: Zakon.kz
Қазақстан Үкіметі 7 ақпандағы «Босалқы жерлерді ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың жерлеріне ауыстыру туралы» қаулы қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz
Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің «Іле-Алатау мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» республикалық мемлекеттік мекемесіне Алматы қаласы Медеу ауданындағы жер учаскелері тұрақты жер пайдалануға берілсін. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес жалпы алаңы 1002,0 га», — делінген құжатта.

Қаулыда көрсетілгендей, аталған жер учаскелері босалқы жерлер санатынан ерекше қорғалатын табиғи аумақтар жерлері санатына ауыстырылды, ал осы аумақтағы ормандар «мемлекеттік ұлттық парктердің ормандары» мемлекеттік орман қорының санатына жатқызылды.

2014 жылы Іле-Алатау ұлттық паркінің жерлері Алматы қаласы Медеу ауданының ерекше қорғалатын табиғи аумақтар санатынан босалқы жерлер санатына ауыстырылғаны туралы Үкімет қаулысы шықты. Бұл Көкжайлау шатқалындағы тау шаңғысы курортын салу үшін жасалды.

Жұртшылық қарсы болды. 2019 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев олардың пікірін ескере отырып, шатқалда курорт салуға тыйым салған болатын.

2020 жылдың қыркүйегінде Көкжайлау аумағындағы жерлерді Іле-Алатау ұлттық паркіне қайтару тәртібін жеңілдету мақсатында «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» заңға өзгерістер енгізілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз