Жаңалықтар тізбегі
0

Іле-Алатау саябағындағы Сібір елігін атып алған браконьерлер ұсталды

Браконьер, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.01.2022 16:55 Сурет: Zakon.kz
Саябақ инспекторларының айтуынша, оқиға орнынан Сібір елігінің еті, басы, терісі мен ішек-қарындары табылды, деп хабарлайды Zakon.kz
28 қаңтарында «Іле-Алатауы МҰТП» РММ Түрген филиалының инспекторлары сағат 14:00 шамасында Сібір елігін (аталық) атқан үш браконьерді ұстады. Түрген филиалының инспекторлары Е.Жылысбаев, К.Құмарбеков, Ә.Серікжан, М.Байтасов Есік орманшылығының №9 орам аумағын барлау барысында Сібір елігін бөлшектеп жатқан браконьерлердің үстінен түскен. Нәтижесінде заңсыз аң атқан Қазақстан Республикасының үш азаматы ұсталды. Инспекторлардың айтуынша, оқиға орнында Сібір елігінің бөлшектелген еті, басы, терісі және ішек-қарыны жатқан. ҚР ЭГТРМ Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің баспасөз қызметі

Ұстау кезінде құқық бұзушылардан калибрі 7,62 Вепр-308 маркалы (нөмірі СА9615) мылтығы және нөмірсіз, қайта жасалған екі қару тәркіленді. Құқық бұзушылар Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының полиция бөліміне жеткізілді.

Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.

Естеріңізге сала кетейік, аталған құқықбұзушылық үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» ҚР Заңына сәйкес ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда аң аулауға тыйым салынған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: