Банкроттық туралы заң жобасы талқыға шығарылды

Құжаттар талқыға шығарылды Сурет: Pixabay
Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы Қазақстан Республикасының заңнамалық жобаларына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары әзірленді, деп хабарлайды Zakon.kz
Қаржы министрлігімен «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заң жобасына, «Әкімшілік құқықбұзушылық туралы» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық Кодексі)» Қазақстан Республикасының Кодексіне Қазақстан Республикасы азаматтарының төлемге қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының жобасына реттеушілік саясаттың консультативтік құжаттары (бұдан әрі – РСКК) әзірленді.

РСКК әзірлеуге Мемлекет басшысының 2022 жылғы 5 қаңтардағы тапсырмасы негіз болды, онда Үкіметке жеке тұлғалардың банкроттығы туралы заңды әзірлеуді бастау тапсырылды.

Бұл заңнамалық жұмыс азаматтарға қарыз жүктемесін азайтуға және сол арқылы қоғамдағы әлеуметтік шиеленісті азайтуға мүмкіндік беруге бағытталған.

Шешу үшін заңнамалық реттеу талап етілетін проблемалар ретінде жеке тұлғалардың төлемге қабілетсіздігі кезінде туындайтын құқықтық қатынастарды реттейтін нормалардың болмауы және азаматтардың төлем қабілеттігін қалпына келтіру және банкроттығы саласындағы заңнаманы бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершіліктің болмауы болып табылады.

РСКК-да сипатталған мәселелерді шешу жолдары ұсынылды және ағымдағы жағдайды, халықаралық тәжірибені және реттеудің ұсынылатын тетіктерін талдау қосылды.

Бұл РСКК legalacts.egov.kz ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталына 2022 жылдың 8 ақпанында орналастырылған.

Жобаны жария талқылауды өткізу мерзімі – 2022 жылдың 1 наурызына дейін.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз