Коронавирус: 150 науқастың жағдайы өте ауыр

Аурухана, палата Сурет: Нұр-Cұлтан әкімдігі
Бүгінде Қазақстанда 67 776 адам коронавирус инфекциясынан емделіп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің 11 ақпандағы мәліметі бойынша, науқастардың арасында 8 149 пациент стационарда ем алып жатыр.

Ал 59 627 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдап жатыр.

Коронавирус және пневмонияға шалдыққандар арасында 367 адамның жағдайы ауыр.

Оның ішінде 150 пациенттің жағдайы өте ауыр.

Ал Қазақстан бойынша 96 пациент өкпені жасанды желдету аппаратында жатыр.

Еске сала кетейік, 11 ақпандағы дерек бойынша Қазақстанда бір тәулікте коронавирус жұқтырғандар саны — 2 498 адам. Ал бір тәулікте 7 866 адам коронавирус инфекциясынан жазылып шықты

Айта кетейік, 2022 жылғы 10 ақпандағы Қазақстанда коронавирус инфекциясына қарсы вакцинаның 1-компонентін 9 279 559 адам, 2-компонентін 8 855 051 адам салдырды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз