Жаңалықтар тізбегі
0

Елордада емхана мен емдеу-оңалту орталығы салынып жатыр

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2022 17:35 Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі/Александр Куприенко
Елордада жеке қаражат есебінен емдеу-оңалту орталығы бар бес қабатты емхананың құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram-дағы парақшасында елордада емхана мен емдеу-оңалту орталығы салынып жатқанын жазды.

Оның айтуынша, қаланың одан әрі дамуы үшін жеке инвестиция тарту, оның ішінде медицина саласына да бөлу маңызды.

Құрылыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2022 17:35

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі/Александр Куприенко

Елордада жеке қаражат есебінен емдеу-оңалту орталығы бар бес қабатты емхананың құрылысы жүріп жатыр. Ауданы 10 мың шаршы метр болатын жаңа медициналық орталық Алматы ауданында (К.Әзірбаев және А98 көшелерінің қиылысы) салынып жатыр. Жаңа орталықта бір ауысымда 500-ден астам науқас қабылданатын болады. Алтай Көлгінов

Медициналық орталықта амбулаториялық және стационарлық көмектен бөлек, түрлі ауруы бар адамдар үшін оңалту қызметтері де көрсетіледі. Осы мақсатта ауданы 3,5 мың шаршы метрден асатын емдеу-оңалту орталығы жұмыс істейтін болады.

Әлеуметтік нысан, сурет - Zakon.kz жаңалық 13.02.2022 17:35

Сурет: Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі/Александр Куприенко

Медициналық мекемеде ересектер мен балаларға арналған бассейн де қарастырылған.

Аталған емхана мен емдеу-оңалту орталығын салуға және жарақтандыруға 4,5 млрд теңге жеке инвестиция жұмсалады. Қала тұрғындарын медициналық көмекпен қамтуды арттыру үшін жеке медициналық орталықтарға субсидия бөлінетін болады. Алтай Көлгінов

Сонымен қатар, бюджет есебінен медициналық орталықтар желісін кеңейтудеміз, медициналық мекемелерге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: