Қазақстандық батут гимнастикасынан әлем кубогының қола жүлдегері атанды

Қола медаль алды Сурет: olympic.kz
Әзірбайжан астанасы Бакуде батуттық гимнастикадан әлем кубогі кезеңі мәресіне жетті. Қазақстандық спортшы аталған жарыста ел қоржынына қола жүлдені салды, деп хабарлайды Zakon.kz

Olympic.kz сайты жазғанға сай, Батуттық гимнастикадан жаңа маусым Бакудегі әлем кубогі кезеңінен басталды. Жылдың алғашқы додасында отандасымыз Джанил Мусабаев қола жүлдеге қол жеткізді.

Ол финалда 58.890 ұпай еншілеп, үздік үштікті қорытындылады.

Жарыс нәтижесі бойынша Беларусь спортшысы, Олимпиада чемпионы Иван Литвинович топ жарса, оның командаласы Андрей Буйлов күміспен күптелді.

Айта кетерлігі, синхронды секіру бойынша Роман Барков пен Игорь Грачев финалда бесінші орынға табан тіреді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз