Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда «Қазақстандықтар» ұйымдасқан қылмыстық тобының серкелері ұсталды

Арнайы операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 19:27 Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
ҰҚК ІІМ-мен бірлесіп Алматы қаласында және Алматы облысында бұрынғы спортшылар мен бұрын сотталған адамдардан тұратын «Қазақстандықтар» ҰҚТ-ның құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесу бойынша ірі ауқымды арнайы операция жүргізді, деп хабарлайды Zakon.kz
Топтың ұсталған алты мүшесінің Алматы өңірі аумағындағы көптеген қылмыстарға (қорқытып алу, қарақшылық, озбырлық, бұзақылық, кәсіпкерлерге криминалдық қамқорлық, мал ұрлығы) қатысы бар. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Күдіктілерді ұстау және тұрғылықты жерлерін тінту барысында төрт атыс қаруы, 177 оқ-дәрі, жеті граната, арнайы құралдар, сондай-ақ ү.ж. қаңтарда мародерлікке  қатысқандарын растайтын заттар (радиостанциялар, «ПР» дубинкалары, броньды кеудеше) тәркіленді.

Қаңтар оқиғалары, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 19:27

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Қаңтар оқиғалары, сурет - Zakon.kz жаңалық 15.02.2022 19:27

Сурет: ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Ұсталғандар ҚАЖД 8-ТИ және ҰҚК Алматы қаласы бойынша департаментінің тергеу изоляторларына қамалды. ҚР ҚК 287-бабының 3 және 4-бөліктері (Атыс қаруын, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды немесе жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) бойынша қылмыстық істер қозғалды.

Тергеу-жедел іс-шаралары кешенінің нәтижесінде топ мүшелері ҰҚТ мүшелеріне тиесілі қаруы бар «көмбелерді» көрсетуге ойысты.   

Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданында екі «көмбе» анықталып, олардан 44 бірлік атыс қаруы және 3 бірлік суық қару, сондай-ақ 20 бірлік оқ-дәрілер алынды. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі

Алынған қару-жарақты, сондай-ақ оларды қаңтар оқиғаларында қолдануды сәйкестендіру бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр.

Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасуда.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: