Жаңалықтар тізбегі
0

Волонтерлар мен қайырымдылық ұйымдарына жеңілдіктер жасалады

Волонтер, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.02.2022 11:56 Сурет: unsplash
Коммуналдық мүлікті еріктілер мен қайырымдылық ұйымдарына жеңілдікті шарттармен кейіннен сатып алу құқығынсыз басқаруға беру ұсынылды, деп хабарлайды Zakon.kz

Қазақстанның кейбір заңнамалық актілеріне волонтерлық қызмет, қайырымдылық, мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс және үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттар мәселесі бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізіледі.

Заң жобасына мынадай өзгерістер енгізу ұсынылды:

  • Еңбек кодексіне волонтерлық қызметке қатысатын азаматтардың волонтерлық қызметін азаматтық қызметке кіру кезінде есепке алу құқығын кеңейту бөлігінде олардың волонтерлық қызметін ынталандыруға бағытталған норманы енгізу;

  • Гранттарды әкімшілендіру мен қаржыландыру мәселесін жақсартуға мүмкіндік беретін қысқа мерзімді, орта мерзімді, ұзақ мерзімді сияқты сараланған гранттарды енгізу;

  • Коммуналдық мүлікті волонтерлық және қайырымдылық ұйымдарына жеңілдікті шарттармен кейіннен сатып алу құқығынсыз сенімгерлік басқаруға беру;

  • Корпоративтік, электрондық қайырымдылықты, корпоративтік волонтерлықты енгізу және басқалары ұсынылады.

Мұндай заң жобасы еріктілерді, қайырымдылық, үкіметтік емес ұйымдарды мемлекеттік қаржыландыру саласындағы қолданыстағы заңнаманы жетілдіру мақсатында әзірленді.

Заң жобасымен жұмыс барысында депутаттар:

  • Уәкілетті органның, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың мемлекеттік әлеуметтік тапсырысты, үкіметтік емес ұйымдарға арналған гранттарды және стратегиялық әріптестікті іске асыруға арналған мемлекеттік тапсырысты іске асыру мәселесі бойынша құзыретін нақтылау;

  • Террористік іс-әрекетке қатысы бар адамдардың тізіміне енгізілген үкіметтік емес ұйымдарға гранттар беруге тыйым салуды белгілеу;

  • Қайырымдылық ұйымдарын қайырымдылық объектілері мен субъектілері қатарына, ал қайырымдылық гранттарын қайырымдылық ұйымының кірістері қатарына жатқызу бөлігінде заң жобасының жекелеген нормасын нақтылайтын және мазмұнын жақсартатын түзетулер енгізді.

Сонымен қатар қайырымдылық ұйымының басқару органдарының қызметін айқындайтын баптардың нормасы қайта қаралды. Парламент мәжілісінің барлық комитеті заң жобасы бойынша оң қорытындылар берді.

Комитет заң жобасын бірінші оқылымда мақұлдауды ұсына отырып, ҚР парламенті мәжілісінің жалпы отырысының қарауына енгізуге болады деп есептейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: