Білім Министрлігі білім беру ұйымдарын бағалау критерийлерін өзгертті
Жаңа редакцияда негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушілердің, педагог-шеберлердің үлесі бастауыш білім беру деңгейіндегі педагогтардың жалпы санынан құралуы тиіс делінген:
Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
- жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 45 %-дан жоғары, гимназиялар - 50 % -дан жоғары;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
- жалпы білім беретін мектептер - 30 %-дан жоғары;
Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
- жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 35% -дан 44 % аралығында, гимназиялар –40%- дан 49% аралығында;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
- жалпы білім беретін мектептер – 25%-дан 29% аралығында;
Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
- жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25%-дан 34 % аралығында, гимназиялар –30%-дан 39% аралығында;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
- жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан 24% аралығында;
Толық жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
- жалпы білім беретін мектептер, мектеп-гимназиялар, мектеп-лицейлер 25 % -дан төмен, гимназиялар –30% -дан төмен;
Шағын жинақталған білім беру ұйымдары үшін:
- жалпы білім беретін мектептер – 20%-дан төмен.
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының қызметін бағалау критерийлерінде нақтыланады:
- Негізгі жұмыс орны лицензиат болып табылатын педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлері үшін даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар (жұмысшы біліктіліктерін қоспағанда) бойынша педагогтердің жалпы санынан кемінде 70%-дан 100%-ға дейін болуы тиіс.
- Даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын білім беру ұйымдарының жалпы білім беретін пәндері бойынша педагогтердің үлесі (жұмысшы біліктіліктері үшін) кем дегенде 50%-дан 100%-ға дейін.
- Даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша педагогтердің жалпы санынан лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын өнер және мәдениет саласында білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдары үшін педагогтердің үлесі кемінде 50%-дан 100%-ға дейін.
- Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушідің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесі (техникалық және кәсіптік білім беру үшін) кемінде 30%-дан 100%-ға дейін болуы тиіс.
- Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын, даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша педагогтер санынан педагог-сарапшылардың, педагог-зерттеушідің, педагог-шеберлердің және (немесе) магистр, философия докторы (PhD), бейіні бойынша доктор дәрежесі, ғылым докторы, ғылым кандидаты, философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесі бар адамдардың үлесі (орта білімнен кейінгі білім беру үшін) кем дегенде 40%-дан 100%-ға дейін.
- Лицензиат негізгі жұмыс орны болып табылатын даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар (мамандық бойынша педагогтердің) бойынша педагогтер санынан ұйымдарда және/немесе өндірісте көлемі соңғы 3 жылда төменінде 36 сағат тағылымдамадан өткен арнайы пәндер педагогтерімен өндірістік оқыту шеберлерінің үлесі кемінде 10%-дан 100%-ға дейін.
Білім алушылар контингентіне қатысты оқу жұмыс жоспарына сәйкес, оның ішінде даярланатын білім беру бағдарламаларының тізіліміне енгізілген мамандықтар бойынша толық оқу кезеңіне оқу тілдері бойынша оқу және ғылыми әдебиеттің кітапханалық қорының болуы кемінде 80%-дан 100%-ға дейін болуы тиіс.
Бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін (23 мамыр) 60 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.