Қаңтар оқиғалары туралы фейк таратқан 50-ден астам шетелдік аккаунт анықталды

Фейк ақпараттар Сурет: Zakon.kz
Қаңтардағы оқиғалар туралы фейк ақпараттардың басым бөлігі жырақтан келіп жатты. Бүгіндері әлеуметтік желіде шетелде тіркелген 50-ден астам аккаунт анықталды, деп мәлімдеді арнайы брифингте ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов, деп хабарлайды Zakon.kz.

Брифингте департамент басшысы қаңтар айындағы оқиғалардан кейін азаматтардың қоғамдық сананы бақылауға алу үшін ақпараттық соғыс басталып кеткенін еске салды.

Қаңтар оқиғаларынан кейін азаматтардың қоғамдық санасын бақылау үшін ақпараттық соғыс басталды. Әлеуметтік желілер арқылы көрінеу жалған ақпаратты тарату жағдайлары жиіледі. Фейк хабарламалар деп аталып кеткендердің негізгі үлесі шетелден келеді. Бүгінгі таңда әлеуметтік желілерден шетелде тіркелген 50 аккаунт анықталды. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов

ҚР ҚК-нің 274-бабы (көрінеу жалған ақпаратты тарату) бойынша 13 қылмыстық іс тіркелді. Олар бойынша мұқият тергеу жүргізілуде.

Екі адам қамауға, тағы екеуі үйқамаққа алынды. Мысалы, жаппай тәртіпсіздіктер кезінде Қостанай қаласында «Telegram» мессенджерінде өз атынан СОБР қызметкерлері ереуілшілер жағына шыққаны туралы жалған ақпарат таратқан азамат ұсталды. Сонымен қатар қызметкер атынан «олар ешкімді ұстамайтыны, барлығын ереуілге шығуға шақыру» туралы екі мәтіндік хабарлама салған. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің басшысы Санжар Әділов

Ақмола облысының тұрғыны жаппай тәртіпсіздіктерден соң 2022 жылғы 10 қаңтарда елдегі жағдайды ушықтыру мақсатында өзінің «Facebook» парақшасына «полиция қызметкерлерін өлтіруге үгіттейтін» жазба енгізген.

Азаматтарды арандатуға көнбеуге және тексерілген ақпарат құралдарына ғана сенуге тағы да шақырамыз. Қазір барлық құқық қорғау органдарымен қаңтар оқиғаларының себептерін анықтау бойынша талап етілетін көп еңбек жүргізіліп жатыр және алдағы уақытта осындай қайғылы жағдайға жол бермес үшін қажетті шаралар қабылдануда. Тағы да тергеу процедураларына төзімділікпен қарауды және тергеу нәтижелерін күтуді сұраймыз. Санжар Әділов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз