Жаңалықтар тізбегі
0

Қаңтар оқиғаларынан кейін 800-ден астам қару тәркіленді

Қаңтар оқиғалары Сурет: Zakon.kz
Қаңтар оқиғаларының себептерін анықтау бойынша жұмыс өз жалғастығын табуда. Қылмыскерлердің қолынан және жасырулы орындардан 828 қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі және 286 арнайы заттар тәркіленді, — деді брифингіде ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов, деп хабарлайды Zakon.kz
Ішкі істер органдарының тергеушілері арнайы прокурорлармен өзара тығыз іс-қимыл жасай отырып, қаңтар оқиғаларының себептерін анықтау, қылмыс іздеріне түсу мен тәркілеу, сондай-ақ қажетті дәлелдемелер базасын жинау бойынша жұмыстарды жалғастыруда. Бұл жұмысқа барлығы 200-ден астам тергеуші тартылған. ҚР ІІМ Тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов

Ол қазіргі уақытта 760-тан астам автокөлікпен бірге, 1,5 мыңнан астам бүлінген нысандарды тексеру жұмыстары аяқталғанын еске салды.

Оның айтуынша, бүгіндері 1,7 мыңнан астам сот сараптамасы тағайындалған. Куәгерлер мен жәбірленушілер ретінде 10,5 мың адамнан жауап алынды.

Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде қылмыскерлердің қолынан және жасырулы орындардан 828 қару, 18 мыңнан астам оқ-дәрі және 286 арнайы заттар тәркіленді. Сонымен қатар, 65 қару өз еркімен тапсырылды. Санжар Әділов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: