Абылай Мырзахметов «Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы қызметінен кетті

Төраға қызметінен кетті Сурет: atameken.kz
«Атамекен» ҰКП басқарма төрағасы қызметінен Абылай Мырзахметов кетті, деп хабарлайды Zakon.kz
"Палата өтті, мен қуаныштымын. Барлығыңызға рахмет. Палатаны құрдық, бірақ оны одан әрі дамыту керек, бірлестіктер арасында алшақтық бар. Мен басқарма төрағасы ретінде шешім қабылдадым және отставкаға кетемін. Барлығыңызға алғысымды білдіргім келеді. Арада 8 жыл өтті», - деді Абылай Мырзахметов.

Жұмыс тәжірибесі:

• Еңбек жолын 1992 жылы «Алтын-Алма» концерні АҚ қаржы директоры болып бастады.

• 1995-1997 жылдары - «Айсел-Қазақстан» ЖАҚ бас директоры.

• 1997-1998 жылдары - «Қазақстан теміржолы» РМК бас директорының бірінші орынбасары.

• 1998 жылы «Қазақстан теміржолы» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының бас директоры болып тағайындалып, осы қызметте үш жыл жұмыс істеді.

• 2001-2002 жж. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігін басқарды.

• 2002-2004 жж. - «DALA GROUP» ЖАҚ бас директорының кеңесшісі.

• 2005-2007 жылдар аралығында – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының (СӨП) президенті.

• 2007 жылдан – ««Атамекен» Одағы» Қазақстан Ұлттық экономикалық палатасы Басқармасының мүшесі.

• 2011-2012 жылдары – Қазақстан Республикасы Сауда-өнеркәсіп палатасының президенті.

• 2011-2013 жылдары – ««Атамекен» Одағы» Ұлттық экономикалық палатасының басқарма төрағасы.

• 2013 жылдың қыркүйегінен бастап – «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасының Басқарма Төрағасы.

Білімі мен біліктілігі:

• 1992 жылы Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университетінің экономика факультетін бітірген.

• Экономика ғылымдарының кандидаты.

Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз