Нариман Әбілшайықов «Атамекен» ҰКП Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды

Жаңа қызметке тағайындалды Сурет: atameken.kz
Бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезі өтті, деп хабарлайды Zakon.kz

Бұған дейін Нариман Әбілшайықов төрағаның орынбасары қызметін атқарған.

Ғылыми атақтары, дәрежелері, қызметі:

Экономика ғылымдарының кандидаты, доцент, MBA

Еңбек өтілі:

  • С.Торайғыров атындағы Павлодар мемлекеттік университетінің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер департаментінің бөлім меңгерушісі, директоры. (07.2002 - 06.2008);

  • «Полиграфия плюс» ЖШС баспа орталығы директоры (2010-2012);

  • Павлодар облысы әкімінің кеңесшісі (03.2012 - 08.2013);

  • Павлодар облысы әкімдігінің туризм басқармасының басшысы (08.2013 - 01.2014);

  • Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының жобаларды қолдау бөлімінің басшысы (02.2015 - 08.2016);

  • «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы Өңірлік даму департаментінің орынбасары, директоры (08.2016 - 10.2017);

  • Алматы облысы Кәсіпкерлер палатасының директоры (10.2017 - 06.2017);

  • Алматы қаласы Кәсіпкерлер палатасының директоры (06.2019-02.11.2020);

  • «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасы басқарма төрағасының бірінші орынбасары (02.11.2020-02.2022)

  • Сайланған лауазымдар, депутат:

  • Павлодар облыстық мәслихатының IV және V шақырылымдарының депутаты (08.2007 - 09.2012)

Партиялық іс-шаралар:

«Нұр Отан» партиясы Саяси кеңесінің мүшесі (03.2019 ж. бастап)

Мемлекеттік және халықаралық наградалар, сыйлықтар, құрметті атақтар:

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының, сондай-ақ бірқатар ведомстволық наградалардың лауреаты, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың Алғыс хаты.

Еске сала кетейік, бүгін «Атамекен» Ұлттық кәсіпкерлер палатасының кезектен тыс IX съезі өтті. Онда ұлттық палатаның басқару органдары туралы, Ұлттық кәсіпкерлер палатасының қызметін реформалау және кәсіпкерлікті дамытудың өзекті мәселелері көтерілді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз