Бас бостандығынан айырылған мүгедектігі бар адамға протез салынды

Протез салды Сурет: Нұр-сұлтан қаласы бойынша ҚАЖД
Елордалық мекеменің дәрігерлері мекемеде жазасын өтеп жатқан мүгедек сотталғанға жеңіл жүріп тұруы үшін аяқ протезін салды, деп хабарлайды Zakon.kz

Нұрсұлтан қаласы бойынша ҚАЖД ЕЦ-166/5 мекемесінде үшінші тобы анықталған азаматтығы жоқ сотталған жазасын өтеп жатыр. 2021 жылы жалпы еңбек ету қабілетінен айырылған.

Мекеме дәрігерлері медициналық-әлеуметтік сараптама комиссиясымен оңалтудың жеке бағдарламасын әзірледі. Бір аяғынан айырылған сотталған осы уақытқа дейін балдақтың көмегіне жүгінген болса, енді протез аяқтың көмегімен өз бетінше қозғалуға мүмкіндік алды.

"Аршалы ауданы әкімдігімен бірлескен жұмыстың арқасында сотталған азаматқа протездік-ортопедиялық аяғына  протез орнатылды", – деді ЕЦ-166/5 мекемесінің медициналық бөлімінің бастығы әділет капитаны Динара Қасымова.

Сотталған азамат, колония мен протездік-ортопедиялық орталықтың қызметкерлеріне алғысын білдіріп, бақытты екенін жеткізді.

«Екі аяқпен қайтадан жүргеніме сене алмаймын.  8 жылдың ішінде балдаққа үйренгенім соншалық, өзімді енді қадам басқан сәбидей сезімдемін», – деді сотталған.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз