СҚО-да 25 жылға сотталған адамға тағы бес жыл кесілді
Сурет: Zakon.kz
Солтүстік Қазақстан облысында жазасын өтеп жатқан сотталған ҚАЖД қызметкерлеріне жала жапқаны үшін қылмыстық жауапкершілікке тартылып, жазасына тағы бес жыл қосылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ауыр қылмыстар үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған М есімді сотталған жазасының жеті жылын өтеген.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет сотталған М қатысты ҚР ҚК-нің 419-бабының 3-бөлігінде ( «Адамды сыбайлас жемқорлық, ауыр, аса ауыр қылмыс жасады деп айыптаумен көрінеу жалған сөз жеткізу») көзделген қылмыс белгілері бойынша қылмыстық іс қозғады, ол бойынша Петропавл қалалық соты бес жылға бас бостандығынан айыруға жаза тағайындады. СҚО бойынша қылмыстық-атқару жүйесінің баспасөз қызметі
Баспасөз қызметінің хабарлауынша, ҚР ҚК-нің 60-бабының 1,4-б. негізінде үкімдердің жиынтығы бойынша М жазасының өтелмеген бөлігін ішінара қосу арқылы қылмыстық-атқару жүйесінің төтенше қауіпсіз мекемесінде жазасын өтеумен 23 жыл бас бостандығынан айыру түріндегі жаза айқындалды.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript