Алматы облысында ірі заңсыз «майнинг» фермасы анықталды

заңсыз ферма Сурет: pixabay
Алматы облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті облыстық Экономикалық тергеу департаментімен бірлесіп, Жамбыл ауданында орналасқан ірі «майнинг» фермасын әшкереледі, деп хабарлайды Zakon.kz.
Заңсыз әрекетті шетелдік инвесторлармен бірлесе отырып, бұрынғы мата зауыты болған "Қарғалы" АҚ аумағында жүзеге асырған. Белгілі болғандай, ұйымдастырушылар «майнинг» фермасын тоқыма өндірісі атынан тұтынылатын электр қуатының құнын жеңілдетілген тариф бойынша төлеген.

Тінту кезінде мамандар құны 1 млрд.теңге асатын криптовалюта өндіру үшін ірі шифрлау кешені бар 2800 бірліктен астам жабдық тәркіленді.

Алдын ала бағалау бойынша мемлекетке 131 198 909 теңге мөлшерінде залал келтірілген.

Сонымен қатар, «майнинг» фермасын ұйымдастырушылар «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-ы мен Жамбыл ауданының ЭТА-нің қызметкерлеріне 50 мыңнан 1,5 млн. теңгеге дейінгі сомада пара беріп отырған.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп, сараптама тағайындалды. Өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз