Жаңалықтар тізбегі
0

Украина төңірегіндегі шиеленіс теңгеге қалай әсер етті

Ресей, Украина, Ұлттық банк, рубль, доллар бағамы, доллар, теңге, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 17:51 Сурет: Zakon.kz
Украина төңірегіндегі геосаяси шиеленістің ушығуы теңгеге қалай әсер еткені туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz
Украина төңірегіндегі жағдайдың одан әрі ушығуы және геосаяси тәуекелдердің ұлғаюы аясында қаржы нарықтарындағы құбылмалылық күрт өсті. Ресейге қарсы санкциялардың күшеюін күту және жаһандық инвесторлардың Ресей активтерінен шығатыны Ресей рубліне қысым көрсетуде.Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

Оның айтуынша, «соңғы тәулікте рубльдің әлсіреуі 4%-дан асқан» .

Рубль 80 межесіне жетіп, қазіргі уақытта бір доллар 80,5 рубль деңгейінде саудалануда. Ресейлік MOEX акцияларының индексі кеше 10,5%-ға төмендеп, бүгін сауда-саттық ашылғаннан кейін 5%-ға жуық төмендеді.Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова

Ұлттық банк төрағасының орынбасары әлемдік қаржы нарықтарына ахуалдың ары қарай қалай өрбитінінің белгісіз болуы қатты әсер еткенін атап өтті: EURO STOXX индексі 2,17%-ға, DAX индексі 2,07%-ға төмендеді. Алтынның да бағасы өсті.

Барлық әлемдік және жергілікті нарықтарға әсер ететін негізгі сауда әріптесі нарығындағы ахуалды ескерсек, Қазақстанның қаржы нарығы үшін де тәуекелдер өсті. Рубльдің әлсіреуі теңгеге қысым көрсетуде. Бүгінгі сауда-саттық ашылғаннан бастап теңгеге шаққандағы бір доллар 426,5 теңгеден 437,80 теңгеге дейін 2,6%-ға әлсіреді. Әлия Молдабекова

Ұлттық банк өкілінің айтуынша, нарықтардың бұдан былайғы серпіні көбінесе санкциялардың сипаты мен себептеріне және олардың РФ экономикасына тигізетін әсеріне байланысты болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: