Жаңалықтар тізбегі
0

Қазанда теңге бағамына не әсер етті

Ұлттық банк, теңге бағамы, доллар, мұнай бағасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.11.2022 12:51 Сурет: Zakon.kz
Ұлттық банк төрағасының орынбасары Әлия Молдабекова теңге бағамының динамикасы және қазан айында оған не әсер еткені туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, қазанда валюта нарығында қалыпты құбылмалылық байқалды.

Бір айдың ішінде динамика әртүрлі бағытта өрбіді. Қазанның қорытындысы бойынша, теңге 1,7%-ға нығайды. Мұнай бағасының өсуі де теңгенің нығаюына түрткі болды. Базалық мөлшерлемені көтеру және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің сатуы да теңгеге қолдау көрсетті.Әлия Молдабекова

Ол қазанда Ұлттық қордан валютаны сату 362 млн АҚШ доллар болғанын, бұл ретте бір сауда күні ішінде сату көлемі 30 млн АҚШ долларынан аспағанын атап өтті.

Бұл ретте Ұлттық банк өкілі Ұлттық қордан валютаны сату тек республикалық бюджетке трансфертті қамтамасыз ету қажет болған жағдайда ғана іске асырылатынын еске салды.

Біздің тарапымыздан осы операциялардың валюта нарығындағы ағымдағы сентиментке әсерін барынша азайту үшін барлық күш-жігер жұмсалуда. Валютаны сату бойынша мәмілелерді іске асыру кезінде Ұлттық Банк price-taker ретінде әрекет етеді, яғни, өз өтінімдерін қоймай, қолда бар өтінімдер бойынша «жұмыс жүргізеді». Нарыққа қатысушылардың бағасымен келісе отырып, біз операциялардың нарықтық бағамға әсерін жоққа шығарамыз.Әлия Молдабекова

Ұлттық банк төрағасының орынбасары қазір валюта нарығы теңгерімді болғандықтан, валюталық интервенциялар жүргізу қажет болмағанын айтып өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: