Жаңалықтар тізбегі
0

Фаворитизмді жоямыз деген уәдеміз толықтай орындалады – Тоқаев

Кезектен тыс отырыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 22.02.2022 22:00 Сурет: akorda.kz
22 ақпанда Мемлекет басшысының төрағалығымен Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің кезектен тыс отырысы бейнебайланыс режимінде өтті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жиынға Президент Әкімшілігінің басшылығы, Үкімет мүшелері, мемлекеттік органдардың өкілдері, ірі трансұлттық және ұлттық компаниялардың жетекшілері қатысты, делінген Ақорда хабарламасында.

Кездесуге қатысушылар адами капиталды күшейтуге, экономика мен инвестициялық саясатқа экологиялық, әлеуметтік және корпоративтік басқарудың стандарттарын енгізуге баса мән бере отырып, еліміздің инвестициялық тартымдылығын жақсарту жөнінде бірқатар ұсыныс айтты.

Мемлекет басшысы қайғылы қаңтар оқиғасына назар аудара отырып, дер кезінде қабылданған батыл шешімдердің арқасында еліміздегі жағдайдың толық тұрақтанғанын атап өтті.

Қасым-Жомарт Тоқаев халықаралық қағидаттарға толық сай келетін тергеп-тексеру жұмыстарының жалғасып жатқанын мәлімдеді. Сондай-ақ Президент қаңтар оқиғасы инвесторларға белгілі бір деңгейде жайсыздық туғызғанын айтты.Ел Президенті ретінде шетелдік инвесторлар үшін «ашық есік» саясаты біздің стратегиялық басымдығымыз болып қала беретінін айтқым келеді. Мемлекет серіктестер мен инвесторлар алдындағы міндеттемелері мен кепілдіктерін толық орындайды. Қаңтар дағдарысы нарықтық экономикаға, заң үстемдігіне, халықаралық және ішкі міндеттемелерді сақтауға деген бейілдігімізге еш әсер еткен жоқ. Керісінше, бұл одан әрі жетілдіруге тың серпін берді.Президент

Мемлекет басшысы елімізді одан әрі трансформациялау жөніндегі ойын ортаға салды. Қасым-Жомарт Тоқаев заң үстемдігі мен оның тең дәрежеде қолданылуы жаңа бағдардың сөзсіз негізі болатынын атап өтті.

Бұдан былай экономикалық реформалардың басты міндеті – ішкі жалпы өнім өсімінің абстрактілі сандары мен әлемдік рейтингтерден орын алу емес, халқымыздың табысы мен тұрмыс сапасын арттыру. Әрине, бұл мақсатқа кәсіпкерлердің жаңа шоғырын қалыптастырмай, жоғары сапалы инвестиция тартпай қол жеткізу мүмкін емес. Фаворитизмді, элитаның ерекше мүдделері мен артықшылықтарын, сыбайлас жемқорлық пен олигополияны жоямыз деп, халық пен адал бизнеске берген уәдеміз толықтай орындалады.Қазақстан Президенті

Қасым-Жомарт Тоқаев барлық халықаралық рейтинг агенттіктері еліміздің инвестициялық ахуалы сенімді екенін тұрақты түрде растайтынын атап өтті.

Президенттің пікірінше, қаңтар оқиғасындағы қайғылы жағдайларға қарамастан, елдің саяси және экономикалық жүйесі беріктігін көрсетті.

Барлық деректің жуырда ресми жариялануы біздің бүкіл іс-әрекетіміздің толық ақталғанын және тек еліміздің тұтастығын сақтауға, азаматтарымыздың өмірі мен бизнесіміздің мүлкін қорғауға бағытталғанын айқын дәлелдейтініне сенімдімін. Қазақстанда ұзақ уақыттан бері жұмыс істеп келе жатқан еліміздің достары – сіздерге бұл белгілі деп ойлаймын. Сол күндердің шынайы картинасы туралы ақиқат аса маңызды.Мемлекет басшысы

Президент Кеңес мүшелерінің ұсыныстары Қазақстанға және жүзеге асырылып жатқан реформаларға лайықты қолдау болатынын атап өтті.

Сіздерді елімізде реформалардың шынайы түрде жүргізілуіне, экономикалық еркіндік болуына отандық кәсіпкерлермен бірдей мүдделі деп есептеймін. Сондықтан елімізді экономикалық тұрғыдан трансформациялауға және жаңартуға баршаңызды белсене атсалысуға шақырамын. Өзара ынтымақтастықтың жаңа, неғұрлым әділ және тиімді тәртібін, ашық әрі тұрақты реттеу мәселесін бірлесе жүйелей отырып, біз, шын мәнінде, тартымды инвестициялық ахуал қалыптастыра аламыз. Бұл – біздің ортақ мүддеміз.Қасым-Жомарт Тоқаев

Қазақстан Президенті бәсекелестікті дамыту, сыбайлас жемқорлықты жою, тиімді мемлекеттік басқаруды құру және сапалы адами капитал қалыптастыру көздеген мақсатқа жеткізетін жол деп атап өтті. Осыған орай Мемлекет басшысы бірқатар өзекті міндетке назар аударды.

Атап айтқанда, Мемлекет басшысы әділ әрі бейтарап сот жүйесі ғана қуатты экономика мен лайықты бизнес-климат құрудың негізі екеніне тоқталды. Оның пікірінше, инвесторлардың заңды мүдделері мен құқықтарын қорғаудың басты кепілі дәл осы болуға тиіс. Мемлекет басшысы инвестициялық дауларды шешу бойынша Астана халықаралық қаржы орталығы мен Халықаралық арбитраж орталығының әлеуетін толық пайдалануға шақырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев адал бәсекелестікті дамыту ісін жаңа бағыттың тағы бір маңызды басымдығы деп санайды.

Экономиканың негізгі салаларындағы олигополиялардың тарихи үстемдігі нарықтар мен салалардың дамуын тежейді. Бұл жағдайды заңнамалық және практикалық тұрғыдан батыл өзгертетін боламыз. Биыл қол қойылған бәсекелестікті дамыту  мәселесі жөніндегі заңда маңызды бастамалар қарастырылған. Бұл – нарық субъектілерінің шектеулі ресустарға қол жетімділігі, нарыққа кіру кедергілерін төмендету және аралас нарықтарға монополияның кері әсерін жою. «Самұрық-Қазына» қорын түбегейлі қайта құру жұмыстары жүріп жатыр. Әкімшілік ресурстардың есебінен тапсырыс алған компаниялар өздерінің артықшылықтары мен келісім-шарттарынан айрылуда. Қордың инвестициялық жобаларының топтамасы – шамамен 3,5 триллион теңге. Бұдан былай барлық жобалар ашық әрі конкурс негізінде халықаралық компаниялардың қатысуымен жүзеге асырылатын болады. Егер, олай болмай жатса, бірден маған тікелей хабарлаңыздар. Өйткені бұл – менің президенттік қызметімдегі аса маңызды іс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: