Мәдениет және спорт министрі паралимпиадашылармен «онлайн-кездесу» өткізді

кездесу өткізді Сурет: gov.kz
Дәурен Абаев ХІІІ қысқы паралимпиаданың алдында ұлттық паралимпиада құрамасының оқу-жаттығу қорытынды жиыны өтіп жатқан жоғары спорттық шеберлік мектебінде болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Министр қатаң антиковид шектеулері жағдайында өтіп жатқан емдеу-жаттығуларға байланысты спортшылармен онлайн-байланыс режимінде сөйлесті.

«Сіздердің спорттық жетістіктеріңіз, жеңіске деген ерік-жігерлеріңіз - спорттың биік шыңы. Сіздер - біздің мақтанышымызсыздар. Бүкіл ел сіздерге жанкүйер болады. Алдағы жарыста сәттілік серік болсын!», - деп атап өтті Дәурен Абаев.

Ұлттық құрама атынан Василий Коломиец сөз сөйледі.

Еске салайық, Бейжің-2022 XIII Қысқы Паралимпиада 2022 жылдың 4-13 наурызы аралығында өтеді. Дүбірлі додаға 50 елден 700-ден астам спортшы қатысады. Ұлттық паралимпиада құрамасы сапында Ербол Хамитов, Александр Герлиц, Сергей Усольцев, Юрий Березин және Денис Петренко сынды 5 спортшы бар.

Паралимпиадашыларымыз спорттың екі түрінен – пара шаңғы жарысы мен пара биатлон бойынша сынға түседі.

Паралипиаданың ашылу салтанаты 2022 жылдың 4 наурызында Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 22.00-де басталады. Қазақстан Паралимпиада құрамасының ту ұстаушысы - пара шаңғы жарысынан Әлем кубогының қола жүлдегері, халықаралық дәрежедегі спорт шебері Ербол Хамитов.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз