Жаңалықтар тізбегі
0

Әлемдік БАҚ-тар Украинадағы жарылыстар туралы ақпарат таратып жатыр

Украина, Ресей, әскери операция, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.02.2022 10:56 Сурет: unsplash
24 ақпанда Ресей президенті Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция бастайтынын мәлімдеді. Әлеуметтік желілерде Украина аумағында болып жатқан жарылыстардың видеосы тарап жатыр, деп хабарлайды Zakon.kz
Жағдайлар бізден батыл және дереу әрекет етуді талап етеді. Донбасс халық республикалары Ресейге көмек сұрап жүгінді. Осыған байланысты, БҰҰ Жарғысының 51-бабының 7-бөліміне сәйкес, Федерация Кеңесінің санкциясымен және Федералдық Жиын ратификациялаған ДХР және ЛХР-мен достық және өзара көмек туралы шарттарды орындау мақсатында мен арнайы әскери операция жүргізу туралы шешім қабылдадым. Владимир Путин

ТАСС агенттігінің хабарлауынша, Киев іргесіндегі Борисполь әуежайы маңында жарылыстардың дауысы естілуде. Украина астанасында ұялы байланыс пен интернет әдеттегідей жұмыс істеп тұр.

УНИАН агенттігі Украинаның бірқатар басқа қалаларында да жарылыс болғанын хабарлады: «Краматорскіде кем дегенде төрт жарылыс, Одесса, Харьков, Бердянскідегі күшті жарылыс болды».

Киевтен тікелей эфирге қосылған CNN тілшісі бірнеше жарылыс естігенін айтты. «Біз бірнеше жарылыс естідік, мүмкін жеті-сегіз», – деді арна тілшісі.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: