Путин орыс халқына жолдаған үндеуінде не айтты
Оның айтуынша, Ресей Украинаны демилитаризациялауға күш салады.
Ресейдің жоспарында Украинаны оккупациялау жоқ. Владимир Путин
Ресей басшысы Украина азаматтарына да үндеу жасады.
Қырымдықтар өз таңдауын жасады, біздің әрекетіміз жасалған қауіп-қатерден өзін-өзі қорғау болып табылады, мен өзара әрекеттесуге шақырамын. Владимир Путин
Владимир Путин өз сөзінде Украина әскерилеріне де тоқтады.
Сендер хунтаға емес, халыққа ант бердіңдер, тез арада қаруларыңды тастап, үйлеріне қайтыңдар. Владимир Путин
Путиннің сөзінше, Украинадан төніп тұрған қауіп қатерден, Ресей өзін қауіпсіздікте сезіне алмайды. Болашақта дұрыс дамып, өмір сүре алмайды.
Ресей президенті НАТО-ның алдауы мен бопсалауы туралы да айтты.
Ол Мәскеудің отыз жыл бойы НАТО блогын шығысқа қарай кеңейтпеу туралы келісімге келуге тырысқанын, бірақ алдау, қысым көрсету және бопсалау әрекеттерімен бетпе-бет келгенін еске салды.
Путин Украинада ядролық қару болуы мүмкіндігін де жоққа шығарды. Ол Ресей Киевтің мұндай қадамға баруына жол бермейтінін атап өтті.
Ресей президенті қантөгіске Украина билігін айыптады.
Мен алда болуы мүмкін қантөгіс үшін барлық жауапкершілік Украина аумағында билік ететін режимнің ар-ожданында болатынын тағы бір рет атап өтемін. Владимир Путин