Путин Донбаста арнайы әскери операция жүргізілетінін мәлімдеді
Сурет: kremlin.ru
Ресей президенті Владимир Путин ресейліктерге арнаған жолдауында Донбаста арнайы әскери операция жүргізілетіні туралы шешім қабылданғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Владимир Путин Донбаста арнайы әскери операция өткізу туралы шешім қабылдады. Бұл туралы ол «Россия 24» арнасының тікелей эфирінде хабарлады.
Ол Ресейдің жоспарында Украина аумақтарын басып алу жоқ екенін атап өтті.
Біз ешкімге ештеңені күшпен мәжбүрлеп отырған жоқпыз. Владимир Путин
Оның айтуынша, оқиғалардың бүкіл барысы мен ақпаратты талдау Ресейдің Украинадағы ұлтшыл күштермен қақтығысы сөзсіз екенін, бұл уақыт талабы екенін көрсетеді.
Украинаның әскерилеріне айтқым келетіні, сіздер хунтаға емес, халыққа ант бердіңіздер, мен сіздерді дереу қаруды тастап, үйге қайтуға шақырамын. Владимир Путин
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript