Тоқаев қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады

Бейнебайланыс Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы Қазақстанға жұмыс сапарымен келген Түркияның Сыртқы істер министрі Мевлют Чавушоғлумен онлайн-кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz
Әңгімелесу барысында олар сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға мән бере отырып, қазақ-түрік стратегиялық серіктестігінің даму перспективаларын талқылады, делінген Ақорда хабарламасында.

Қазақстан көшбасшысы Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоғанға жүрекжарды сәлемін жолдап, оны Қазақстанға сапармен осы жылы келуге шақырғанын тағы да нақтылады. Сапар мерзімі дипломатиялық каналдар арқылы пысықталады.

Мемлекет басшысы келесі аптада Нұр-Сұлтанда өтетін Қазақстан мен Түркияның Сауда-экономикалық ынтымақтастық жөніндегі мемлекетаралық комиссиясының XII отырысы  өзара тиімді серіктестікті одан әрі дамытуға ықпал ететінін айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев түрік компаниялары қатысатын бірлескен жобаларға Қазақстан Үкіметі тарапынан қолдау көрсетілетінін растады.

Бейнебайланыс

Сурет: akorda.kz

Мевлют Чавушоғлу кездесуге мүмкіндік бергені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты. Сондай-ақ министр қаңтар оқиғасы кезінде болған қайғылы жағдайларға байланысты көңіл айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевқа Режеп Тайип Ердоғанның сәлемін жеткізді.

Түрік дипломаты Қазақстан Президентінің басшылығымен жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформаларды Түркияның толық қолдайтыны жөнінде айтты.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз