Сергей Лавров Алматыда: оның не себепті келгені белгілі болды

Сергей Лавров Алматыда: оның не себепті келгені белгілі болды, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.04.2025 17:47 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
ҚР Премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Алматыға жұмыс сапарымен келген Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесу өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Келіссөздер барысында тараптар биік және жоғары деңгейде қол жеткізілген уағдаластықтардың орындалу барысын, сондай-ақ саяси, сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық және өзге де салалардағы екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін егжей-тегжейлі талқылады.

"Саяси диалогтың жоғары серпінін сақтау және қол жеткізілген уағдаластықтарды дәйекті іске асыру Қазақстан мен Ресей арасындағы өзара іс-қимылдың басты басымдықтарының бірі. Мемлекет басшыларының қойған міндеттері негізінде біз осы бағытта жұмыс істеп келеміз", – деп мәлімдеді Мұрат Нұртілеу.

Сауда-экономикалық байланыстарды нығайту мәселесіне айрықша назар аударылды. Стратегиялық маңызы бар салаларда – көлік және логистика, энергетика, металлургия, машина жасау, өнеркәсіп және ауыл шаруашылығы бағыттарында мемлекетаралық серіктестіктің оң динамикасы аталып өтті.

2024 жылдың қорытындысы бойынша екі ел арасындағы өзара тауар айналымы 27,8 млрд АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 2,8%-ға өскені тіркелді. Осыған орай тараптар бұл көрсеткішті алдағы уақытта 30 млрд АҚШ долларына дейін жеткізуге мүдделіліктерін растады.

Министрлер сондай-ақ екіжақты стратегиялық серіктестік пен одақтастықты жан-жақты дамытуға өзара бейілділікті атап өтті. Сонымен қатар халықаралық және өңірлік ұйымдар аясындағы үйлестірілген іс-қимылға ерекше маңыз берілді.

"Қазақстан – сенімді одақтасымыз және көршіміз. Мемлекет басшылары айқындаған бағытты негізге ала отырып, біз әрдайым екіжақты және халықаралық алаңдарда бір-бірімізге қолдау көрсетіп келеміз", - деді Сергей Лавров.

Мемлекеттер арасындағы екіжақты қарым-қатынастарды нығайтуға және дамытуға қосқан елеулі үлесі үшін Ресей Сыртқы істер министрінің орынбасарлары Михаил Галузин мен Александр Панкин II дәрежелі "Достық" орденімен марапатталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: