Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров АҚШ-та нені талқылады

Мұхтар Тілеуберді мен Сергей Лавров АҚШ-та нені талқылады, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.09.2026 21:44 Сурет: Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Біріккен Ұлттар Ұйымы Бас Ассамблеясының 81-ші сессиясы жоғары деңгейдегі апталығы аясында Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ресей Федерациясының Сыртқы істер министрі Сергей Лавровпен кездесті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сыртқы істер министрлігінің хабарлауынша, тараптар Қазақстан-Ресей екіжақты ынтымақтастығының қазіргі жай-күйі мен даму перспективаларын, жоғары және аса жоғары деңгейлерде қол жеткізілген уағдаластықтардың іске асырылу барысын, сондай-ақ екіжақты күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады.

"Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, Қазақстан мен Ресейдің көпжақты форматтар шеңберіндегі өзара іс-қимылына ерекше назар аударды", – делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша Қазақстан мен Ресей арасындағы жан-жақты стратегиялық әріптестік пен одақтастық қатынастарды одан әрі нығайтуға өзара мүдделілік расталды.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: