Тоқаевқа Қазақстанда 5G желісін енгізудің перспективалары туралы мәлімет берілді

5G Сурет: pixabay
Президент «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Қуанышбек Есекеевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысына Қазақстанның телекоммуникация саласының қазіргі ахуалы, оның мобильді сегментінің дамуы, халық пен бизнеске көрсетілетін қызметтердің сапасын жақсарту және оның аясын кеңейту жұмыстары туралы баяндалды, делінген Ақорда хабарламасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа 5G желісін енгізудің және цифрлық теңсіздікті одан әрі төмендетудің перспективалары туралы мәлімет берілді. Сондай-ақ Қуанышбек Есекеев Президентке 2018-2020 жылдары ауылдық жерлерде салынған оптикалық-талшықты магистраль базасында жергілікті желілерді салу бойынша жобаларды жүзеге асыру туралы айтты. «Цифрлық серіктес» бағдарламасы аясында жоғары жылдамдықты интернетті әрбір үйге жеткізу жобасына жеке сервистік компаниялар қосылған.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысы компанияның 2300 МГц диапазонындағы FWA (Fixed Wireless Access, тіркелген сымсыз байланыс) озық технологиясын пайдалану жөніндегі жоспарымен танысты.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар  жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Кездесу қорытындысы бойынша Қасым-Жомарт Тоқаев компанияның қала мен ауыл арасындағы цифрлық теңсіздікті төмендету жөніндегі қазіргі қызметіне, сондай-ақ ұлттық телеком-оператордың перспективасы бар  жобаларына қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз