Тоқаевқа «Самұрық-Қазынаның» маңызды активтерін IPO-ға шығару жайы баяндалды
Сурет: akorda.kz
Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» АҚ басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың мәліметінше, Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Самұрық-Қазына» қорын реформалау жөніндегі іс-шаралар жоспарының орындалуы туралы мәлімет берілді.
Алмасадам Сәтқалиев Президентке энергетика, мұнай-газ және инфрақұрылым салаларындағы ірі инвестициялық жобалардың жүзеге асырылу барысын айтты.
Мемлекет басшысына Қор топтарының маңызды активтерін жекешелендіру және IPO-ға шығару жоспары туралы баяндалды.
Кездесу қорытындысы бойынша Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамын реформалауға, сатып алулардың ашықтығын арттыруға, отандық тауар өндірушілер мен жеткізушілерді қолдауға қатысты бірқатар нақты тапсырма берді.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript