«Қызыл» аймақта ешқандай өңір қалмады

Коронавирус Сурет: Zakon.kz
Қазақстанда 25 ақпандағы эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Қазір еліміздің біраз өңірі «жасыл» аймақта, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қызыл» аймақта ешбір өңір қалған жоқ.

«Сары» аймақта Алматы қаласы, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары бар.

Ал Нұр-Сұлтан, Шымкент қалалары, Алматы, Ақтөбе, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары «жасыл» аймақта.

Еске сала кетейік, өткен тәулікте коронавирус инфекциясын 523 адам жұқтырғаны хабарланды. Бұл көрсеткіш алдыңғы күнмен салыстырғанда 43 жағдайға азайды. Вирус жұғудың ең төменгі көрсеткіші Қызылорда, Түркістан және Ақтөбе облыстарында тіркелген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз