Ақан серінің әнін айтып, халық күйлерін орындайтын Аркадий

Аркадий Видеодан скриншот
Аркадий Повеленский орыс мектебінде оқығанымен оның бірге өскен достарының көбі – қазақтар. Көптеген ән байқауларға қатысуының себебін ол елдегі бірлік пен берекенің арқасы деп түсіндірді.

Аркадий – Жезқазған музыка колледжінің студенті. Ол Ақан серінің әнін айтып, халық күйшілерінің күйін тарта алады. Домбыра алып, күй шертуіне жолдастары себепкер болған. Қазақ тілін де жетік меңгеріпті. Блогер Айсұлтан Жақыпов өзінің YouTube каналында Аркадий Повеленский туралы видео жариялады.

Достарым да, көршілерім де қазақтар болды. Негізі орыс мектебінде оқыдым. Айналамда қазақша сөйлейтін адам көп  болды. Біраз ән байқауға қатысып, жүлделі орындар алдым. Осындай жетістікке жетуімнің бірден бір себебі – елдегі бірлік пен берекенің арқасы деп білемін.ркадий Повеленский

Видеода Аркадийден мектепте қай тілде оқығанын, қазақшаны қайдан үйренгенін сұрайды. Аркадий болса, қазақша жауап беріп, Ақан серінің «Балқадиша» әнін орындап береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз