Ғизат Нұрдәулетов ҚР Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалды

жаңа қызмет Сурет: gov.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығымен Ғизат Нұрдәулетов Қазақстанның Бас прокуроры қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жарлық Ақордада жарияланды, оған сәйкес Нұрдәулетов жаңа тағайындау алды.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметінен босатыла отырып, Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің хатшысы болып тағайындалсын, – делінген хабарламада.

Нұрдәулетов Ғизат Дәуренбекұлы 1964 жылы Алматы облысында дүниеге келген.

2-сыныпты мемлекеттік әділет кеңесшісі.

ІІ дәрежелі «Айбын» және ІІ дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталған.

Құқық қорғау органдарындағы жұмысын Алматы облысы Жамбыл ауданы прокуратурасының тергеушісі болып бастаған. Одан кейін сол аудан прокурорының орынбасары қызметін атқарды.

1996-1997 жылдары Мемлекеттік тергеу комитетінде Мемлекеттік тергеу комитетінің Алматы облысы бойынша аудандық бөлімі бастығының жедел жұмыс жөніндегі орынбасары, Мемлекеттік тергеу комитетінің ұйымдастыру-кадр жұмысы басқармасы бастығының орынбасары қызметтерін атқарған.

1997-2017 жылдар аралығында Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің ұйымдасқан қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа, экстремизмге және терроризмге қарсы күрес бөлімшелерінде қызмет атқарған. Тергеу басқармасының бастығы, кейін Алматы қаласы бойынша департамент бастығының орынбасары болды, Алматы және Оңтүстік Қазақстан облыстарының департаменттерін басқарды, сонымен қатар Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Тергеу департаментін басқарды.

Ұлттық қауіпсіздік комитетінің құрметті мүшесі.

2017 жылдың шілде айынан бастап Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының бірінші орынбасары.

Мемлекет басшысының 2019 жылғы 18 наурыздағы Жарлығымен Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры қызметіне тағайындалды.

Бұған дейін Президенттің көмекшісі – Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік кеңесінің хатшысы қызметін Әсет Исекешев атқарған болатын. Ол әлі де президенттің көмекшісі болып қала береді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз