Ғизат Нұрдәулетов Президенттің көмекшісі болып тағайындалды
Cурет: primeminister.kz
Президенттің көмекшісі, сонымен қатар Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымына Мемлекет басшысы өкімімен Ғизат Нұрдәулетов тағайындалды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ғизат Дәуренбекұлы Нұрдәулетов Қазақстан Республикасы Президентінің көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы лауазымына тағайындалсын. Ол ҚР Бас Прокуроры лауазымынан босатылсын, – делінген Ақорданың хабарламасында
Ғизат Нұрдәулетовтың еңбек өтілі:
1987-1990 жылдары – ұжымшар заңгері.
1990-1996 жылдары прокуратура органдарында жұмыс істеген.
1996-1997 жылдары ҚР Мемлекеттік тергеу комитеті органдарында жұмыс істеген.
1997-2007 жылдары ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінде қызмет етті.
2007-2017 жылдары Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Алматы облысы бойынша департаментінің басшысы болып тағайындалды.
2017 жылдың шілдесінен 2019 жылдың наурызына дейін – ҚР Бас прокурорының бірінші орынбасары.
2019 жылдың 18 наурызынан ҚР Бас прокуроры болды.
Мақаламен бөлісу
Оқи отырыңыз
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript