Nur Otan Саяси кеңесінің отырысы 28 ақпанда өтеді

Nur Otan, Nur Otan съезі, мәжіліс Сурет: Nur Otan
Nur Otan партиясының атқарушы хатшысы Асхат Оралов Саяси кеңес жиыны өтетін күнді мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы Асхат Оралов Facebook парақшасында хабарлады.

«Бүгін Nur Otan партиясының Саяси кеңесі бюросының қаулысымен 28 ақпанда Саяси кеңестің отырысын өткізу туралы шешім қабылданды. Онда партияның кезектен тыс XXII Съезінің күн тәртібі бекітіледі», – делінген мәлімдемеде.

Сондай-ақ, ол Саяси кеңес бюросының қаулысымен Nur Otan партиясының парламент мәжілісі депутатының бос мандатын партиялық тізім бойынша Саясат Нұрбекке беру туралы шешім қабылданғанын атап өтті.

Тақырып бойынша оқи отырыңыз:

Саясат Нұрбек Мәжіліс депутаты болады

Еске салсақ, мемлекет басшысы – партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың шешімі бойынша Nur Otan Съезі 1 наурызда онлайн форматта өтеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз