ЕО Путинге, Лавровқа, Медведев пен Мишустинге де санкция салды
ЕО Украинадағы әскери операцияға байланысты Ресей президенті Владимир Путин мен РФ сыртқы істер министрі Сергей Лавровтың аты-жөнін санкция тізіміне енгізді. Олардың аты-жөні ЕО-ның ресми журналында көрсетілген.
Санкцияның енгізілу себептері сипаттамасында "Путин жасаған іс-әрекеттері үшін жауап береді және Украинаның аумақтық тұтастығына, егемендігі мен тәуелсіздігіне, сондай-ақ Украинадағы тұрақтылық пен қауіпсіздікке нұқсан келтіруді белсенді қолдайды"делінген.
Премьер-министр Михаил Мишустин, Қауіпсіздік Кеңесі төрағасының орынбасары Дмитрий Медведев, сондай-ақ Мемлекеттік Думаның депутаттары және Беларусь елінің кейбір шенеуніктері де шектеулерге ұшырады.
Еуропалық одақтан кейін АҚШ Путин мен Лавровтың аты -жөнін санкциялар тізіміне енгізді. Шектеу шаралары Қорғаныс министрі Сергей Шойгу мен Бас штаб бастығы Валерий Герасимовты да шарпыды.
Сонымен қатар, Канада мен Ұлыбритания Путинге қарсы санкциялар жариялады.