АҚШ Мәскеу мэрі мен РФ Президенті Әкімшілігінің басшысына да санкция салды
Сурет: pixabay
АҚШ билігі Ресей Федерациясының шенеуніктеріне қарсы жаңа санкциялар енгізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
ТАСС-тың хабарлауынша, қосымша санкция тізімі АҚШ Қаржы министрлігінің сайтында жарияланды.
Санкциялар тізімінде мына шенділердің аты-жөні аталады: Мәскеу мэрі Сергей Собянин, Санкт-Петербург губернаторы Александр Беглов, Волга федералды округіндегі Президенттің өкілетті өкілі Игорь Комаров, Федералды кеден қызметінің басшысы Владимир Булавин, Солтүстік Кавказ федералды округіндегі Президенттің өкілетті өкілі Юрий Чайка, РФ Президенті Әкімшілігінің басшысы Антон Вайно, Солтүстік-Батыс федералды округіндегі Президенттің өкілетті өкілі Александр Гуцан және Қаржы министрі Антон Силуанов.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript