Жаңалықтар тізбегі
0

АҚШ Беларусьтың ОМОН-ы мен ҰҚК-сіне санкция салды

TORG NEWS, сурет - Zakon.kz жаңалық 24.12.2020 17:13 TORG NEWS
АҚШ Беларусьтегі "демократияға нұқсан келтіруге" қатысы бар 39 адамға қатысты визалық шектеулер енгізді.

АҚШ-тың Қаржы министрлігі Беларусь Орталық сайлау комиссиясына, арнайы жасаққа, мемлекеттік қауіпсіздік комитетіне және Минск қаласы ОМОН-на қарсы санкциялар енгізді, деп хабарлайды zakon.kz.

Олар, негізінен, елдегі "демократиялық процестер мен институттарды бұзды" деп айыпталады. Тиісті мәлімдеме агенттіктің сайтында орналастырылған.

"Қара тізімде" Ішкі істер министрлігі басшысының орынбасары Геннадий Казакевич, КГБ "Альфа" отряды, Минск қалалық атқару комитетінің орталық ішкі істер басқармасы, Минск қаласы арнайы полиция отряды, сондай-ақ Беларусь Орталық сайлау комиссиясы да жүр.

Санкция осы тізімге енгендердің барлығының Америка Құрама Штаттарындағы активтерінің бұғатталуын және Америка азаматтарына осы тізімдегі адамдармен кез келген кәсіптік байланысына тыйым салуды білдіреді.

ТАСС хабарлағандай, АҚШ Беларусьтегі "демократияға нұқсан келтіруге" қатысы бар 39 адамға қатысты визалық шектеулер енгізді, деп мәлімдеді Мемлекеттік хатшы Майкл Помпео. Жалпы алғанда, шектеу шаралары 40 жеке тұлғаға және төрт беларусь ведомствасын қамтиды.

Бұған дейін, 17 желтоқсанда ЕО Беларуссияға қарсы "азаматтық қоғамға қарсы репрессиялардың жалғасуына" байланысты үшінші санкциялар пакетін мақұлдағаны хабарланған.

zkadm
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: