Жаңалықтар тізбегі
0

Қордай ауданындағы тәртіпсіздікке қатысқан үшеу сотталды

Қордай оқиғасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2022 20:49 Сурет: Zakon.kz
Жамбыл облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Қордай ауданында орын алған жаппай тәртіпсіздікке қатысқан үш адамға қатысты қылмыстық іс қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Олардың бірі жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны (ҚК-тің 272б. 2б.), ұрлық жасағаны үшін (ҚК-тің 188б. 4б. 3т.); екіншісі жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны және (ҚК-тің 272б. 2б.) бөтеннің мүлкін тонағаны үшін (ҚК-тің 191б. 2б. 1,3т.), қарақшылық жасағаны үшін (ҚК-тің 192б.4б. 2т.), Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасын қасақана заңсыз кесіп өткені үшін (ҚК-тің 392б. 1б.); ал үшіншісі қатысты жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны үшін (ҚК-тің 272б. 2б.), адам өлтіргені үшін (ҚК-тің 99б. 2б. 6,11,15т.), екі немесе одан да көп адамды өлтіруге оқталғаны үшін (ҚК-тің 24б. 3б. – 99б. 2б. 1,6,11,15т.) деген айыптармен ісі сотта қаралды. 

Аталған сотталушылар ұзақ уақыт іздеуде болған. 

Сотпен анықталғандай, 2020 жылдың 7-8 ақпан аралығында Жамбыл облысы, Қордай ауданы Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарының аумағында атыс қаруын, жарылғыш заттарды қолдану, сондай-ақ билік өкілдеріне қарулы қарсылық көрсету арқылы зорлық-зомбылық, қирату, өртеу, дүние мүлікті жоюмен ұласқан жаппай тәртіпсіздік орын алды. Жаппай тәртіпсіздіктердің басталуына жоғарыда аталған ауылдардың әр түрлі ұлт тұрғындарының арасында туындаған тұрмыстық жайлар негіз болған.

Жаппай тәртіпсіздіктің салдарынан 2020 жылғы 7-8 ақпан аралығындағы түнде Масаншы, Бұлар батыр және Ауқатты ауылдарында орын алған жаппай тәртіпсіздік кезінде 10 адам қаза тапты, 140 азаматтық тұлға мен 20 құқық қорғау органының қызметкерлері дене жарақаттарын алды, 99 жылжымайтын нысан қиратылды, 65 үй өртелді, 48 қозғалатын нысан қиратылды және 65 автокөлік өртелді.

Сотталғандар С., М. және А.-ның кінәсі іс бойынша заттай дәлелдемелермен дәлелденді. 

Сот шешіміне сәйкес, C.-ның әрекеті ауыр қылмыстар қатарына жатқызылып, алты жыл бас бостандығынан айырылды, М - 11 жыл, А-ға тағылған айыптың бір бабын қайта қарастырып, тағайындады және 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын кесті.

Жәбірленушілердің азаматтық талаптары шешілді.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: