Nur Otanда сайлауалды бағдарламаны қайта қарау ұсынылды

Нұр отан партиясының жиыны Сурет: Zakon.kz
Партияның кезектен тыс XXII съезінде Nur Otan партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов өз ұсыныстарын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Оралов партиялық бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Хатшының ойынша, жауапкершілік партияның негізгі стратегиялық басымдықтарының бірі болып қала береді. Сайлау алдындағы уәделерді сапалы және уақтылы орындауға ерекше назар аудару керек.

Сәуірде республикалық сайлауалды бағдарламаның орындалуын пысықтау қажет, оның қорытындысы бойынша Мәжілістегі фракцияның кеңейтілген отырысын өткізу ұсынылып, онда Премьер-Министрдің есебі тыңдалады. Әрі қарай өңірлерде де осындай жұмыстарды жүргізуді ұсынып отырмыз. Мұны тәжірибеге жүйелі түрде енгізу қажет деп санаймын. «Nur Otan» партиясының жауапты хатшысы Асхат Оралов

Сондай-ақ, «Жол картасының» әрбір бюро мүшесіне әлеуметтік маңызды бөлімдерін, партияның барлық деңгейдегі саяси кеңес мүшелеріне нақты көрсеткіштерді беру ұсынылып отыр. Бұл шаралар бірігіп, барлық деңгейдегі партия басшылығының жеке жауапкершілігін арттырады.

Айта кетейік, Нұр-Сұлтанда президенттің төрағалығымен «Nur Otan» партиясының кезектен тыс XXII съезі өтіп жатыр. Съезге Қазақстанның әр аймағынан 399 делегат қатысуда.

Күн тәртібінде екі мәселе бар:

Партияның саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу.

«Nur Otan» партиясын жаңғырту.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
?
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз