Жаңалықтар тізбегі
0

Елордалық полиция қала тұрғындарына ескерту жасады

Полиция ескертпесі, сурет - Zakon.kz жаңалық 05.03.2022 23:11 Сурет: Zakon.kz
Елордада жауған жаңбырдың арты қарға ұласып, күн күрт суытты. Ауа райының нашарлауына байланысты полицейлер көлік жүргізушілеріне сақтық шараларын ұстануды ескертеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жүргізушілерден белгіленген жылдамдық режимін қатаң сақтау, тежегішті шалт баспау, қашықтық пен бүйірлік аралықты сақтау, сондай-ақ патрульдік полиция қызметкерлерінің талаптарын орындау сұралады. Сондай-ақ, қаладан тыс алыс сапарларға шығу ұсынылмайды. Мүмкін болса, көліктің басқа түрін пайдаланған жөн.

Таңертеңнен бастап елорда аумағында 71 жол-көлік оқиғасы тіркеліп, бір адам зардап шекті.

Жүргізушілер ғана емес, жаяу жүргіншілер де аса сақ болуы қажет. Өз қауіпсіздігіңіздің мүддесі тұрғысында көшелерді белгіленген орындардан кесіп өтуге, жарық қайтарғыш элементтерді пайдалануға, құлаққаппен жүрмеуге және жолды кесіп өткенде телефонмен сөйлеспеуге кеңес береміз. Нұр-Сұлтан қаласының ПД әкімшілік полиция басқармасының бастығы Әлжан Чупеков
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: