Нұр-Сұлтанға Украинадағы жерлестеріміздің төртінші легі ұшып келді
Сурет: Zakon.kz
Польшаның Катовице қаласынан 155 қазақстандық келді. Оларды алып келетін ұшақ 9 наурыз күні Атыраудан ұшты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Азаматтық авиация комитетінің мәлімдеуінше, Қазақстан азаматтары мінген төртінші репатриациялық рейс Нұр-Сұлтан уақытымен 04:57-де елордамызға келіп қонды.
Польшаның Катовице қаласынан 155 қазақстандық елге оралды.
Ұшақ 9 наурызда Атыраудан Польшаға ұшқан.
4 наурызда үшінші рейспен Қазақстанға 131 жолаушы оралды, оның 20-сы балалар.
Бұған дейін қазақстандық дипломаттар Қазақстан Республикасының 731 азаматына Украинадан шығуға көмек көрсеткенін жазған едік.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript