Эвакуациялық рейстің алғашқы жолаушылары Алматыға келіп-жетті

Алматы халықаралық әуежайы, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.02.2022 23:49 Сурет: Zakon.kz
Эвакуацияланған қазақстандықтардың арнайы рейсі Польшаның Катовице қаласынан Алматыға ұшып келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Эвакуациялық рейстің алғашқы жолаушылары үйіне оралды.

Сурет: Zakon.kz

Украина мен Польшаның мемлекеттік органдары арасында жасалған келісімдер аясында қазақстандықтарды визасыз және ПТР-тестілеусіз шекарадан өткізу қамтамасыз етілді.

Сурет: Zakon.kz

Алматы халықаралық әуежайына Airbus A321 ұшағы сағат 22:23-те келіп қонды.

Сурет: Zakon.kz

Алматы әкімдігі эвакуацияланған қазақстандықтарды күніне үш уақыт тамақтандыруды қарастыратын қонақ үйге орналастыру шарасын ұйымдастырды. Олардың барлығына Алматыда болған уақытында жан-жақты қолдау көрсетіледі.

Сурет: Zakon.kz

Қала әкімдігі қажет болған жағдайда медициналық мамандарды, оның ішінде психологтарды көмекке тартуға дайын.

Сурет: Zakon.kz

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: