АҚШ президентінің арнайы өкілі мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Алматыға келіп жетті

Ресми сапар, Алматы, АҚШ президентінің арнайы өкілі, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 17:02 Сурет: akorda.kz
АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландау Алматыға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы бүгін, 2025 жылы 28 қазанда ҚР Президенті әкімшілігінің баспасөз қызметі хабарлады:

"Сапар барысында қазақ-америка қарым-қатынасының перспективасы, сондай-ақ халықаралық және өңірлік күн тәртібінің мәселелері талқыланатын бірқатар кездесу өтеді деп жоспарланып отыр".

Шымбұлақ, АҚШ президентінің арнайы өкілі, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 17:02

Сурет: akorda.kz

Бүгін Серджио Гор мен Кристофер Ландау Қазақстанда жұмыс істеп жатқан америкалық компаниялар басшыларымен, іскерлік топ өкілдерімен кездесті.

Сурет: akorda.kz

Ресми сапар, Алматы, АҚШ президентінің арнайы өкілі, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 17:02

Сурет: akorda.kz

"Сондай-ақ олар Алматыдағы заманауи өнер музейіне, "Шымбұлақ" тау шаңғысы кешені мен "Медеу" мұз айдынына барды. Мәртебелі меймандарды Қазақстан Республикасы Президенті әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай қарсы алды", деп нақтыланады хабарламада.

Ресми сапар, Алматы, АҚШ президентінің арнайы өкілі, АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары  , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.10.2025 17:02

Сурет: akorda.kz

Айта кетсек, 2025 жылы 26 қазанда ҚР СІМ АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серхио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға сапары жоспарланып отырғанын растаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: