Трамптың арнайы өкілі Ақордаға келді

Трамптың арнайы өкілі Ақордаға келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.10.2025 11:56 Сурет: akorda.kz
2025 жылғы 29 қазанда АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының бірінші орынбасары Кристофер Ландау Ақордаға келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оларды Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қарсы алды.

Бұған дейін АҚШ президентінің Оңтүстік және Орталық Азия бойынша арнайы өкілі Серджио Гор мен АҚШ мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаудың Алматыға келгенін жазғанбыз.

Айта кетсек, 2025 жылы 26 қазанда ҚР СІМ АҚШ-тың Оңтүстік және Орталық Азия істері жөніндегі арнайы өкілі Серхио Гор мен АҚШ Мемлекеттік хатшысының орынбасары Кристофер Ландаудың Қазақстанға сапары жоспарланып отырғанын растаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: