Жаңалықтар тізбегі
0

730-дан астам қазақстандық Украина аумағынан шығарылды – ҚР СІМ

Уакраина, ҚР Сыртқы істер министрлігі, эвакуация, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.03.2022 18:33 Сурет: ҚР Сыртқы істер министрлігі
Бүгінгі таңда қазақстандық дипломаттар Қазақстан Республикасының 731 азаматына Украинадан шығуға көмек көрсетті. Оның ішінде 662 адам Польшаға, қалғаны Молдова, Румыния, Венгрия және Словакияға аттанды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Қазақстан азаматтарының Украинадан эвакуациялануы туралы соңғы мәліметтерді таратты.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылғы 9 наурызда Нұр-Сұлтан уақыты бойынша сағат 16:02-де төртінші эвакуациялық ұшақ Атыраудан Катовицеге (Польша) ұшқан болатын. Бұған дейін үш репатриациялық рейспен Қазақстанның 432 азаматы елге жеткізілген еді.

Қазір Катовице қаласында 165 қазақстандық бар. Бұл ретте Украина – Польша шекарасын кесіп өту үшін кезекте тұрған азаматтарымыз жоқ. Қазақстан Республикасының Львов қаласындағы Құрметті консулдығының жанындағы эвакуация пунктіне 11 адам жиналды, Харьковте жеті отандасымыз қалды. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасының Украинадағы елшілігінің мәліметінше, Мариуполь қаласындағы Қазақстан Республикасы азаматтарының жалпы саны – 18 адам. Электр қуаты мен телефон байланысының үзілуіне байланысты қазіргі уақытта олармен байланыс орнату мүмкін емес болып тұр. Сумы қаласында Қазақстан Республикасының екі азаматы бар, олармен тұрақты байланыс орнатылған. Бұл азаматтар гуманитарлық дәліздер арқылы эвакуацияланады деп күтілуде, оны ашу мәселесін ресейлік және украиналық тараптар талқылап жатыр.

Киевтегі жағдайдың нашарлауына байланысты қазақстандық дипломаттар Львов қаласына уақытша көшірілді әрі Қазақстан Республикасының азаматтарына тұрақты режимде көмек көрсету жұмыстарын жалғастырып жатыр.

Қазақстандық 57 жүк көлігінің Қазақстан Республикасы дипломаттарының көмегімен 44-і Украина аумағынан шығып кетті, ал қалған 13 көлікке барынша қажетті көмек көрсетілуде. Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: