Қытайдың 26 азаматы Қазақстан аумағынан шығарылды
Сурет: freepik
Жамбыл облысындағы Сарысу аудандық сотында Қытай Халық Республикасының 26 азаматына қатысты көші-қон саласындағы заңнаманы бұзу бабымен қозғалған әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер қаралды, деп хабарлайды Zakon.kz.
2024 жылы қыркүйек айында КХР азаматтары тиісті рұқсатты алмай, салынып жатқан зауыттың аумағында еңбек атқарған. Сотта құқық бұзушылар кінәларын мойындамай, бірі турист ретінде келгенін, ал бірі жұмыс іздеу мақсатында келгенін айтып көрсеткен.
"ҚР рұқсатсыз еңбек қызметін жүзеге асыру фактісі әкімшілік құқық бұзушылық туралы хаттамалармен, сондай-ақ іс бойынша жиналған материалдарымен расталды.Сот қаулыларымен ҚХР азаматтары ӘҚБтК-нің 517-б. 5-б. бойынша кінәлі деп танылып, олар ҚР шегiнен әкімшілік жолмен шығарылды".Сарысу аудандық соты
Қаулылар заңды күшіне енді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript